«Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығы (2024.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидаларын және көмірсутектер мен уран өндіру саласындағы банктік салым кепіл шартының үлгілік нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 232 бұйрығы

(2024.13.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 57-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Банктік салымның кепіл шартын жасасу қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді барлау салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Көмірсутектерді өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Уран өндіру салдарын жою бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын банктік салым кепіл шартының үлгілік нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.